Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетUncategorizedАстық жинау маусымы: биыл елде бидай тапшылығы болуы мүмкін бе?

Астық жинау маусымы: биыл елде бидай тапшылығы болуы мүмкін бе?

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың айтуынша, елдің бірқатар астықты өңірідегі ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты бұл мәселе өзекті болып тұр.

«Елдің бірқатар астықты өңірінде ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты қазір бұл мәселе өзекті болып тұр.  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тауар өндірушілерді қолдау мақсатында келесі шаралар қабылданды. Астықты кептіру үшін 62,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді; қаржы институттары айыппұл санкцияларын қолданбай несиелер мен қарыздарды ұзартуды жүзеге асырмақ; «Азық-түлік келісімшарт корпорациясының» қорлары негізінде тұқым қоры қалыптасады; агроөндіріс кешенін субсидиялауға қосымша қаржы бөлу мәселесі пысықталуда. Бұл шаралар ауылшаруашылық өндірушілерін қолдау мақсатында астықты тікелей сатып алуды да көздейді», — деді ол Мәжілістің жалпы отырысында.

Тамара Дүйсенова өңірлік деңгейде ТЖ режимі жарияланған Жамбыл облысының шаруаларына өтемақы төлеу үшін тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын, бұл мақсатқа 3,7 млрд теңге бөлінгенін жеткізді.

«Агроөндіріс кешенін субсидиялауға қосымша қаржы бөлу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл шара ауылшаруашылық өндірушілерін қолдау мақсатында астықты тікелей сатып алуды да көздейді. Өңірлік деңгейде төтенше жағдай режимі жарияланған Жамбыл облысының шаруаларына өтемақы төлеу үшін тиісті жұмыс атқарылып отыр. Бұл мақсатқа 3,7 млрд теңге бөлінді. Бұдан басқа, ішкі нарықта бидай бағасын тұрақтандыру және «параллельді импорт» әкелуді болдырмау мақсатында 2024 жылдың 11 сәуіріне дейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше және басқа да үшінші елдерден Қазақстан аумағына теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салу мерзімі ұзартылды», — деп толықтырды Премьер-министрдің орынбасары.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments