Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың айтуынша, елдің бірқатар астықты өңірідегі ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты бұл мәселе өзекті болып тұр.
Тамара Дүйсенова өңірлік деңгейде ТЖ режимі жарияланған Жамбыл облысының шаруаларына өтемақы төлеу үшін тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын, бұл мақсатқа 3,7 млрд теңге бөлінгенін жеткізді.
«Агроөндіріс кешенін субсидиялауға қосымша қаржы бөлу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл шара ауылшаруашылық өндірушілерін қолдау мақсатында астықты тікелей сатып алуды да көздейді. Өңірлік деңгейде төтенше жағдай режимі жарияланған Жамбыл облысының шаруаларына өтемақы төлеу үшін тиісті жұмыс атқарылып отыр. Бұл мақсатқа 3,7 млрд теңге бөлінді. Бұдан басқа, ішкі нарықта бидай бағасын тұрақтандыру және «параллельді импорт» әкелуді болдырмау мақсатында 2024 жылдың 11 сәуіріне дейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше және басқа да үшінші елдерден Қазақстан аумағына теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салу мерзімі ұзартылды», — деп толықтырды Премьер-министрдің орынбасары.