Суббота, 7 февраля, 2026
Басты бетЖаңалықтар«Атамекен» редакциясының ұжымы Қазақстан Республикасында өтіп жатқан конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырыстары...

«Атамекен» редакциясының ұжымы Қазақстан Республикасында өтіп жатқан конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырыстары мен конституциялық реформа жобасын талқылады

«Атамекен» редакциясының ұжымы Қазақстан Республикасында өтіп жатқан конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырыстары мен конституциялық реформа жобасын талқылады.
Талқылау барысында ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі бағыттары, олардың елдің саяси жүйесін одан әрі дамытудағы және құқықтық мемлекетті нығайтудағы маңызы атап өтілді. Қатысушылар конституциялық өзгерістерге қатысты ашық әрі мазмұнды қоғамдық диалогтың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Сондай-ақ ұсынылып отырған нормаларды жан-жақты сараптау мен сарапшылар пікірін ескеру теңгерімді әрі қоғам мен мемлекет мүдделеріне сай шешімдер қабылдауға ықпал ететіні айтылды.
«Атамекен» редакциясы конституциялық реформа жөніндегі комиссияның жұмысына алдағы уақытта да назар аударып, оқырмандарды оның барысы мен нәтижелері туралы хабардар етіп отырады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments