bb37b614-7baf-4646-9c7c-9c51e20d49e9
2025 жыл – жұмысшы мамандықтарының жылы. Осыған орай, Жамбыл ауданы, Бұрған ауылының тұрғыны, саналы ғұмырын еңбекке арнаған Жылқыбаев Селмұхан атамыздың өмір жолы үлгі боларлықтай.
1985 жылы Қарақастек ауылында сол кездегі «Ауылдық кеңестің» төрағасы Елікбай Сариевтің бастамасымен көлік жөндеу орнын ашып, Селмұхан ата 2000 жылға дейін осы істі абыроймен атқарды. Зейнетке шыққан соң да еңбек жолы жалғасын тапты. Балалары Ерлан мен Ержан 2016 жылы көлік жөндеу орнын жаңғыртып, көлік жөндеуге арналған техникалық қызмет көрсету орталығын ашты. Қазір немерелері Мұрат пен Азамат та осы кәсіпті табысты жалғастырып келеді.
Жылқыбаевтар әулетінің атадан балаға жалғасқан бұл кәсібі – адал еңбек пен шеберліктің жарқын үлгісі.