Атыраудағы екі медициналық мекеме жаңа туған нәрестелер мен балаларға шұғыл көмек көрсетуге арналған тоғыз заманауи медициналық жабдық алды.
Не берілді:
🔹 Облыстық балалар ауруханасына — екі SV600 өкпені жасанды желдету аппараты және бес пациент мониторы
🔹 Атырау қалалық перзентханасына — SV800 өкпені жасанды желдету аппараты мен анестезиологиялық-тыныс алу аппараты
Жабдықтар AYALA қайырымдылық қоры «Теңізшевройл» ЖШС-нің қолдауымен жүзеге асырып жатқан «Өмір сыйлайық» жобасы аясында берілді. Жоба Қазақстанда нәрестелер өлімін және туа біткен мүгедектік деңгейін төмендету жөніндегі мемлекеттік міндеттерді қолдау мақсатында перинаталдық орталықтарды, перзентханалар мен балалар ауруханаларын заманауи техникамен жабдықтауға бағытталған.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#Атырау #медицина #балаларреанимациясы #AYALA #Теңізшевройл #ӨмірСыйлайық #Қазақстан #жаңалықтар



