Пятница, 13 марта, 2026
Басты бетЖаңалықтар«Ауыл – Ел бесігі» ұлттық жобасы

«Ауыл – Ел бесігі» ұлттық жобасы

Бүгін Шиен ауылдық округінде «Ауыл – Ел бесігі» ұлттық жобасы аясында жаңа мәдениет үйі салтанатты түрде ашылды. Бұл – ауылдың мәдени және рухани өмірін дамытуға бағытталған маңызды қадам.

Жаңа мәдениет үйі ауыл тұрғындарына түрлі мәдени шаралар өткізуге, өнер мен шығармашылықты дамытуға, сондай-ақ жас ұрпақтың тәрбиесі мен бос уақытын тиімді ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді.

Жергілікті тұрғындар бұл игілікті істің ауылдың рухани дамуына серпін беріп, жастардың өнерге, мәдениетке деген қызығушылығын арттыратынына сенім білдіруде.

Ашылу салтанаты барысында келген қонақтар мен ауыл тұрғындарына конституциялық реформа жөніндегі ақпараттық флаерлер таратылып, маңызды өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments