Среда, 19 августа, 2026
Басты бетЖаңалықтарАуыл жастарына мүмкіндік – ауыл болашағына серпін

Ауыл жастарына мүмкіндік – ауыл болашағына серпін

Жамбыл ауданының Аққайнар ауылында жастардың мәселелері мен ауылды дамытуға қатысты ұсыныстар талқыланды. Еркін форматтағы кездесуде жастарды жұмыспен қамту, баспанамен қамтамасыз ету, кәсіби тәжірибе жинақтау және кәсіп бастауға жағдай жасау мәселелері көтерілді.

Ауыл жастары үшін тұрақты жұмыс пен баспана мәселесі – елді мекенде жастарды ұстап қалудың негізгі тетіктерінің бірі. Осы бағытта жастардың алғашқы кәсіби тәжірибесін жинақтауына, еңбек нарығына бейімделуіне және өз кәсібін бастауына мүмкіндік беретін қолдау шаралары ұсынылуда.

Жоспар бойынша жыл сайын кемінде 40 мың жасқа жұмыс берушінің тәлімгерлігімен алғашқы кәсіби тәжірибеден өту мүмкіндігін беру көзделген. Сонымен қатар болашағы бар бизнес-жобаларды іске асыруға ниетті жастарға қайтарымсыз гранттар ұсыну қарастырылған.

Ауылға мамандар тарту және жастарды тұрақтандыру мақсатында «Дипломмен – ауылға» жобасын жалғастыру ұсынылады. Жоба аясында ауылға барған жас мамандарға тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген несие беру көзделген. Сондай-ақ өңірлерде еңбек етіп жүрген жастарды баспанамен қамтуға бағытталған ипотекалық бағдарламаларға жергілікті бюджеттен қаржы бөлу мәселесі қарастырылуда.

Кездесу барысында Аққайнар ауылының жастары өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салып, ауылдың дамуына белсенді араласуға дайын екендерін білдірді.

Жастарға білім алуға, еңбек етуге, кәсіп бастауға және баспаналы болуға мүмкіндік жасау – ауылдың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырып, елді мекендердегі жас буынның тұрақтануына ықпал ететін маңызды бағыттардың бірі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments