Суббота, 16 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАуыл шаруашылығының дамуы – экономика өзегі

Ауыл шаруашылығының дамуы – экономика өзегі

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумын өткізді. Аталған жиын Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында өтіп жатыр.
Бүгінде Қазақстан Егіс алқабы және жайылымдық жер көлемі жағынан әлемде 6-орын алады. Отандық өнімдердің сапасы жоғары, биыл бидай экспорттайтын 10 ірі мемлекеттің қатарына кіреміз.
Иә, осы күнге дейін қиындықтарды еңсере білгендіктен қазіргі таңда қамбамыз астыққа толды. Күзгі жиын-терінде 26,7 миллион тонна дақыл жиналды. Бұл – соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткіш.
Мемлекет басшысы осы күнге дейінгі ауыл шаруашылығы саласында атқарылған ауқымды жұмыстар легіне тоқталып, осы бағыт ерінбей еңбек етіп жүрген қызметкерлерге өз алғысын білдірді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев өз Жолдауында келесі жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп атағандығын тілге тиек етті. Президент:

«Мен Жолдауда жұмысшы мамандық иелеріне, өнертапқыштар мен ғалымдарға құрметті атақ беруді ұсындым. Мемлекеттік марапаттар жүйесін 9 құрметті атақпен толықтыру жоспарланып отыр. Соның ішінде «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» атағы бар. Бұл – елімізді өркендетуге өлшеусіз үлес қосқан ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне шынайы құрметтің белгісі. Қазір депутаттар тиісті заңдарға өзгеріс енгізу мәселесін қарастырып жатыр.

Келесі жыл – Жұмысшы мамандықтары жылы. Жыл бойы біз нағыз еңбек адамдарын жоғары деңгейде ұлықтайтын боламыз. Бұл қоғамда еңбекқорлық пен кәсібилік құндылықтарын дәріптеу жылы болмақ», деп сөзін қорытындылады.
Иә, бүгінгі өткен форумның нәтижесі көңіл қуантарлық. Алдағы уақытта жүйелі жоспарға сәйкес ауқымды жұмыстар атқарылады деп сенеміз.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments