Понедельник, 2 июня, 2025
Басты бетЖаңалықтарАШАРШЫЛЫЌТЫЅ АЩЫ ШЫНДЫЄЫ: КУƏГЕРЛЕР КҐЗІМЕН

АШАРШЫЛЫЌТЫЅ АЩЫ ШЫНДЫЄЫ: КУƏГЕРЛЕР КҐЗІМЕН

              КӨМЕТІН ЖЕР БОЛМАЙ ӨЗ ҮЙЛЕРІН МОЛАҒА АЙНАЛДЫРДЫҚ
Зәмін Сүлейменов, 1916 жылы туған. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы «Задарья» совхозының тұрғыны: – Жұмыс істегендерге күніне 500 грамм бидай беріп отыратын. Ал колхоздың жұмысына шығатын адамы жоқ үйлерге ештеңе берілмеді. Аштықтан өлгендерді жерлеуге шамамыз келмегендіктен үйлерінің тіреу ағаштарын өгізбен сүйретіп құлатқан соң өз үйрелерін молаларға айналдырдық.

                          ЕРКЕКТЕР ТАМАҚ ҮШІН ҚАТЫНЫН САТҚАН
Жұлдызай Смайылова, 1917 жылы туған. Алматы облысы, Іле ауданының тұрғыны: – Сол жылы қыс қатты болды. Ішуге тамақ жоқ, ел қырылып қалды. Еркектердің көбісі тамақ үшін қойнындағы қатындарын қырғыздарға сатқан. Малдың бәрін тартып алған. Ел атқұлақ, шырмауық, жаужұмыр, желкек, қояншөп деген шөптерді қорек қылды.
– Оянған ұлтымыз, Жан қияр жұртымыз. Біз Совет құратын Ұйымның кілтіміз, – деген жыр жолдары санамда әлі сақталып тұр.

               БАЛАНЫ ЖЕЙМІН ДЕГЕН ШАЛҒА КЕМПІРІ АРАША ТҮСТІ
Мауия Тасекеева, 1905 жылы туған: – Мойынқұмғаь Арқадан ауып келгенбіз. Байдың қыз-келіншектері алтын-күмісті кебекке айырбастайтын. Әкем бізді далаға шығармайтын. Ештеңесін алмаңдар, алтыны өздеріне дейтін. Кейін Жамбылға бара жатып жолда талайды көрдік. Бір шал 5-6 жасар баланы жеймін дейді. Кемпірі таласып бермейді. Ақыры кемпірі баланы алып бөлек кетті…

                                     АШ КЕМПІР МЕНІ БАС САЛДЫ
Сабыр Ахметов, 1920 жылы туған: – 1932 жылы Гуляевкадан (қазіргі Мойынқұм) интернат ашылды. Оны ұйымдастырған Қазақстан басшыларының бірі Ораз Жандосов болатын мені сонда берді. Интернатта көп бала ашықтан әрі аурудан өлді. Өлгендерді сүйретіп апарып шұңқырға көмді. Бірде тышқан аулап жүріп бір кемпірге кездесіп қалдым. Шашы жалбырап, мені бас салғаны. Ары-бері жұлқынып, әзер босанып шықтымау, әйтеуір. Әйтпесе әлі кемпірге жем болар едім.

                      ЖҮСІПБЕК ШАЛ ӨЛГЕН БАЛАСЫН ПІСІРІП ЖЕДІ
Мәке Молдабеков, 1910 жылы туған. Алматы оязы Қаракемер ауданы, Сарытау ауылының тұрғыны: – Сол кездері «Көрнектіні көрге тық, орташаны орғатық, кедейдің кеңірдегін сық» деген ұран шықты. Ешкімді аяған жоқ. 1931 жылы Қарағанды, БалқаштанЖалаңашқа 300 түтін алып келді. Ел онсыз да аш. Берейін десе өздерінде еш нәрсе жоқ. Солардың ішінде өздерінің аштан өлген балаларын пісіріп жегендер болды. Мысалы, Жүсіпбек деген шал өзінің аштан өлген баласын пісіріп жеген. Балаларын жұртқа орап тастап кеткендер де өте көп болды. Себебі оны көтеріп жүруге шамасы келмейтін.

                          ҚАРАЛЫ ЖЫЛДАР:ҚАЙҒЫЛЫ ТАҢДАУ
Үзімбала Оразова, 1907 жылы қаңтарда туған. Қызылағаш (бұрынғы аты Бұқпаның құймасы) селосының тұрғыны: – Бір шал қайтыс болған екен, бұрын бай болған, жерлегеннен кейінгі түні екі жас жігіт қазып алып жеген. Ақадырда елі жағынан туысымыз болған. Сол кісінің екі ұлы болатын. Бірі 3-те, екіншісі 6-да. Туысымыздың көршісі: «Жейтін тамақ жоқ, балаларыңа не бересің, қалай асырайсың? Олар сені өлтіреді, не болмаса аштан бұратылып өзің өлесің. Оданда біреуін сойып жейік», – деп азғырған. Содан екеуі үлкен ұлын үйінде сойып жепті. Қанша дегенмен ет таусылып, екінші ұлын да сойып жеген екен. Кейіннен сол кісі әйелі екеуі мосы мен шөңкені алып, дала кезіп кетеді. Бір күні мен Қапалға барып, жалғыз қайтып
келе жатқанмын. Өзім ол кезде денелі, етті болатынмын. Сөйтсем, әлгі туысымыз (аты Ерболсын еді) қырман маңында қаңғып жүр екен. Мені көре салып, қуалап берді. Қанша айтқанмен, адам етін жеген әлсіз болады ғой деймін, мені қуып жете алмады. Екі-үш күннен кейін ауыл адамдары Ерболсын мен әйелінің мая түбінде өліп қалғанын көріпті. Бұл оқиға наурыз бен көкек айының арасында болған еді. Ағайынды 8 үйден мен (Үзімбала), 7 жастағы Керім, оның шешесі Қырғауыл үшеуміз ғана тірі қалдық. Өлмейтін адам өлмейді екен, мен қара су ішіп тірі қалдым.

           ҚАЛАНЫ АШ АДАМНАН ТАЗАЛАУ ҮШІН КӨЖЕГЕ У ҚОСЫПТЫ
Алтынбек Төлеков, 1916 жылы туған. Жаңаөзен қаласының тұрғыны: – Ташкент қаласында босып жүрген 5-14 жас аралығындағы қазақ балалары әскерлерден қалған тамақтың қалдығына таласып, төбелесетін. Әскердегі кілең орыстың ішіндегі жалғыз
қазақ мен болғандықтан балалар «ахкелеп» терезеден телміріп тұратын. Мен бар нанды лақтырып жіберемін. Ас пісірушілер қуып жібергенде олар ит құсап әр жерге
барып шоқиып отыратын да көп ұзамай қайтып келетін. Троицк лагері жанынан өтетін «Қарасу» деген су бар еді. 1932 жылы күзде сол судың жанындағы тоғайда көп қазаққа қазан асылды. Өзбекстан компартиясы орталық комитетінің секретары Файзулла Ходжаевтың бұйрығымен көже пісіріліп, аш балаларға тамақ берілді. Көжені ішкен балалар өліп қалды. Сөйтсе, қаланы аштардан тазалау мақсатымен көжеге у қосылған екен.

        ӨЗ БАЛАСЫНЫҢ БАСЫН ТАСҚА САЛЫП МЫЖЫҒАН ӘЙЕЛДІ КӨРДІМ
Қасым Тоқтарбаев, 1905 жылы туған. Семей облысы, Ақсуат ауданының тұрғыны: – Жас әйелдің өз баласының басын тасқа салып мыжығанын, өлтірмек болғанын өз көзіммен көрдім. Әлгі баланы жұлып алып, бесатарды ала салып, әйелді атайыншы дегенімде әкем қолымдағы мылтықты жұлып алып, бұл әйел өз ажалынан-ақ өледі деді. Біраз күннен кейін сол әйелдің іші кеуіп жатқанын көрдік. Қарабас асуы жағында шашылып жатқан адамдардың сүйектері көп еді.

                       ТАҢЕРТЕҢ ЖАНЫМЫЗДА ТҮНДЕ ҚАТЫП ҚАЛҒАН                                                                  БАЛАЛАРДЫҢ МӘЙІТІ ЖАТАТЫН
Қ.Кемпірбаев, Георгиевка селосының тұрғыны: – Қалың тоғай өскен селоны нұсқап, мені жолға салып жіберген. Сөйтіп, жаяу-жалпылап балалар үйіне де жеттім. Бұл жерде де жағдай оңып тұрмады. Ашжалаңаш, қабырғалары ырсиған, көздері шүңірейіп
ішіне кіріп кеткен, сүйек пен терісі ғана қалған балаларды көрдім. 1933 жылдың қысында балалар үйінде күн сайын ондаған балалар өлетін. Ағаш еденде ұйықтайтынбыз, таңертең тәрбиешілер көзімізді ашып, тамырымызды ұстайды. Кеудемізде жанымыз барлар ілбіп орнымыздан тұратынбыз. Кейде жаныңда жатқан бала өліп қалған болып шығады. Сол бір ауыр кезеңде қаншама бала аштықтан көз жұмды. Олардың барлығын ор қазып, қатар-қатар жатқызып көметінбіз.

«БІРЕУЛЕР ЖЕП ҚОЯДЫ» ДЕП МЕКТЕПКЕ ЖІБЕРМЕЙТІН
Мақан Құрманқұлов, 1924 жылы туған. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны: – Басқалар сияқты біздің де малымызды тартып алды. Әкем Құрманды ауқатты деп айдап әкетті. Әкемнің інісі Молдағұлды Байсеркеге оқуға алып кетті. Молдағұл ол жақтан қашып келіп, жанына балаларды жинап, ұрлық, тонаушылық жолына түсті. Молдағұл келе жатыр дегенде, бүкіл орыс, қазақ, ұйғырлар тік тұратын. Ол үкіметке де бағынбады. Сол ашаршылық кезінде біздің үйге бір орыстың сиырын ұрлап әкеліп сойып берді. Сол сиырдың етін түнде асып жеп, күн көріп, аштан аман қалдық. Мен мектепте оқитынмын. Өзім толық болдым. Молдағұл ағам «біреулер сойып жеп қояды» деп мені мектепке жібермей қойды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments