Среда, 11 февраля, 2026
Басты бетAtamekenАќын рухы саќталєан орда

Аќын рухы саќталєан орда

Ақын Есенқұл Жақыпбековтың туған күніне орай Абдулла Қарсақбаев атындағы орта мектебінде ұйымдастырылған «Жырыммен жан тербеген – Есенқұл Жақыпбеков» атты сынып сағаты оқушылар үшін тағылымы терең рухани шара ұласты. Осы игі бастама аясында 8-сынып оқушылары сынып жетекшілері Сарымарал Гүлжан мен Джуртичева Айнұрдың жетекшілігімен ақынның еңбек жолы өткен «Атамекен» газетінің редакциясына арнайы барды.

Бұл сапар — жай ғана танысу емес, ақын рухына тағзым етіп, тірі тарихпен тілдескен ерекше кездесу болды. Редакция табалдырығын аттаған жасөспірімдер Есенқұл Жақыпбековтың көзін көріп, бірге қызмет еткен редакция алқасының өкілдері жылы қарсы алып, ақынның шығармашылық болмысы мен адамгершілік келбеті туралы жүрекжарды естеліктерімен бөлісті.

Кездесу барысында оқушылар Есенқұл Жақыпбековтың тек өлеңімен ғана емес, өмірімен, мінезімен, ұстанымымен де ел жадында қалған дара тұлға екенін тереңірек сезінді. Ақынның қарапайымдылығы, сөзге адалдығы, ел мен жерге деген шынайы махаббаты туралы айтылған әңгімелер жас буынның жүрегіне жол тапты.

Редакция алқасы ақынның әрбір жырының астарында туған жерге деген сағыныш, ұлттық рух пен азаматтық жауапкершілік жатқанын атап өтті. Осындай әсерлі сыр-сұхбат барысында оқушылар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, шығармашылық ортаға деген қызығушылықтарын жасырмады.

«Жырыммен жан тербеген – Есенқұл Жақыпбеков» атты сынып сағаты мен редакциядағы кездесу жас ұрпақтың әдебиетке, сөз өнеріне деген құрметін арттырып, ақын мұрасын тереңірек тануға мүмкіндік берді. Бұл тағылымды шара ұрпақтар сабақтастығын, рухани тәрбиенің маңызын айқындайтын мазмұнды кездесу ретінде есте қалды.

«Атамекен-ақпарат».

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments