Қадірі жоғары, қызметіне адал «ағаш ұстасы» маманы Сулейменов Ережеп 1955 жылы ҚХР дүниеге келген. Ережеп атамыз 15 жыл өмірін ағаш ұстасы мамандығына арнаған. Еңбек жолын 1997 жылы Ақсеңгір ауылынан бастаған. Ақсеңгір шаруашылығында мал шаруашылығы саласының зоотехник қызметінде жұмыс атқарған. 1991-1997 жж аралығында учаскелік полиция қызметінде болған. 1997-1998 жж аралығында мәдениет саласында қызмет жасаған. 1999 жылдан осы уақытқа дейін жеке мал шаруашылығымен айналысады. «Салтанат» шаруа қожалығының басшысы. Отбасында үлгілі әке, қамқор ата. Қазіргі уақытта 100-ге жуық туындылары бар. «Әрбір адам өз жұмысына адал болып, соңына дейін жеткізу қажет. Барлығы төзімділік пен шыдамдылықты талап етеді. Бірақ ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруге де болмайды. Ағаш бір жерде көгереді. Адам бір жерден өсіп-өну керек»,-дейді Ережеп ата. Отыруға жайлы, арқалы орындық, піспегі келіскен күбі, нан жаятын тақтай мен оқтау, астаулар. жиhаздар және т.б күнделікті қолданатын тұрмыстағы заттар үй иесінің қолынан шыққан.