Четверг, 26 февраля, 2026
Басты бетЖаңалықтарАғымдағы жылдың 26 ақпан күні «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!»

Ағымдағы жылдың 26 ақпан күні «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!»

коалициясының мүшелері Жамбыл ауданы, Мыңбаев ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты талқыланды.

Коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның басты ерекшеліктеріне тоқталып, адамды ең жоғары құндылық ретінде бекіту, әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, еңбек құқықтарын қорғау, цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, дәстүрлі отбасы құндылықтарын нығайту мәселелерін атап өтті.

Сонымен қатар, билік тармақтарының теңгерімі, бір палаталы Парламент құру, Вице-Президент институтын енгізу сияқты саяси жаңашылдықтар туралы түсіндірме берілді.

Кездесу барысында тұрғындар өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Жиын соңында ауыл тұрғындары коалиция өкілдеріне алғыс білдіріп, референдумға белсенді қатысуға дайын екендіктерін жеткізді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments