Бүгін Жамбыл ауданының желілік кестеге сәйкес, Мыңбаев ауылдық округінің құрылған ақпараттық топ мүшелері Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтыі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында жүктеген міндеттерін түсіндіру барысында Мәдениет үйінің ұжымымен кездесу өткізілді. Жиналыстың мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестициялар» бағытының «Гранттық оқытудың жаңа жүйесі» тақырыбын түсіндіру. Талқылау барысында білім саласындағы негізгі міндеттері туралы ұсыныстармен бөлісіп, пікір алмасты.