Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАMANAT: Алматы облысында 200-ге жуық азамат аудан әкімдерінің қабылдауында болды

АMANAT: Алматы облысында 200-ге жуық азамат аудан әкімдерінің қабылдауында болды

Бұл туралы «АMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді.

9 аудан әкімдерінің қабылдауына келген тұрғындардың мәселелері партияның аудандық филиалдарында тыңдалды. Олар баспанамен қамту, жер телімін бөлу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, автомобиль жолдарын жөндеу және т.б әлеуметтік мәселелерді көтерді.

Мәселен, Жамбыл ауданының тұрғындары қара бастың емес, халықтың ортақ қажетті деген мәселелерді көтерді. Олар аудан әкімі Нұрлан Ертасқа Ұзынағаштағы 5 көшенің инфрақұрылым объек¬тілерінің жетіспеушілігін жеткізді.

Ал Қарасайда баспанаға қаражат құйып алданып қалған үлескерлер аудан әкімі Жасұлан Естеновтен көмек сұрап келді. Айтуларынша, бүгінде алаяқтардан опық жеген 50-ден астам қарасайлық тіркелген. Олар құйған ақшаларын мердігер компаниядан қайтарып алу үшін әкімнен жәрдем сұрады.

«Қоғамдық қабылдау барлық тоғыз ауданда өтті. Сұрақтар – әртүрлі сипатта болды. Азаматтар баспана, жер учаскесін бөлу, жұмыстан заңсыз босатылу сияқты жеке бастың шаруасымен қатар, елге ортақ айтулы мәселелерді көтерді. Атап айтсам, көгілдір отын тарту және сумен қамтамасыз ету, көше жолдарының күрделі жөндеу жайы қозғалды. Онымен қоса, «Ауыл аманаты» жобасына қызығушылық білдіріп, мал басын көбейткісі келетін азаматқа толық ақпарат айтылды», – дейді облыстық «АMANAT» партиясының төрағасы Қуат Байғоджаев.

Облыстық партия филиалы төрағасының айтуынша, аудан басшылары 200-ге тарта азаматты қабылдады. Тіпті, Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев 80-нен аса тұрғынның мәселесін тыңдау үшін толық бір күнін арнаған.

Қабылдауға келген азаматтардың бәріне заңды-құқықтық тұрғыдан, мәселелерінің шешілуіне бағыт-бағдар берілді. Олардың кейбірі өз сұрақтарына қатысты түсіндірме жауапты сол жерде алды. Аясында, тұрғындар көтерген мәселелердің шешу жолдарын білді.

Айта кету керек, «AMANAT» партиясы филиалдарының қабылдау бөлмесіне келіп түскен ұсыныс-пікір, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайды. Мамандар әрбірінің себеп-салдарын жіті зерттеп, шешімін заң талаптарын негізге алып қарастырады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments