Балалар отбасындағы ахуалды өте сезімтал қабылдайды. Үйдегі ұрыс-керіс пен зорлық-зомбылық олардың психологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін.
Сондықтан ата-аналар бала тәрбиесінде сабырлылық пен жауапкершілікті басшылыққа алуы қажет. Баламен ашық сөйлесу, оның мәселесіне көңіл бөлу және қауіпсіз орта қалыптастыру – ата-ананың маңызды міндеті.
Баланың қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайда оған бейжай қарамай, мамандардың көмегіне жүгіну қажет. Қауіпсіз балалық шақ – қауіпсіз қоғамның негізі.


