Қазақстан Республикасының Үкіметі Балқаш қаласында мыс балқыту зауытын салу бойынша инвестициялық келісімді мақұлдады. Жалпы жеке инвестиция көлемі 750 млрд теңгені құрайды. Құрылыс 2027 жылы басталып, 2030 жылы пайдалануға беріледі.
Зауыттың қуаты:
-
жылына 300 мың тонна катодты мыс;
-
10 тонна алтын;
-
300 тонна күміс;
-
1,5 млн тонна күкірт қышқылы.
Жобада 1,2 мың тұрақты жұмыс орны құрылады. Іске қосылғанда қызметкерлердің 90%-ы қазақстандық мамандар болады, бес жыл ішінде бұл көрсеткіш 95%-ға жетеді. Инвестор 50 студентті даярлау міндеттемесін алды.


