Бұл кәсіби мерекенің ел өмірінде алатын орны айрықша.
Себебі, журналистер қауымы –
ең алдымен қоғамның жаршысы әрі шынайы жанашыры.
Сіздер әрдайым халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді көтеріп, жұрт мүддесіне адал
қызмет етіп келесіздер.
Қазіргі жаһандық технология дамыған заманда азаматтарға жедел, сапалы әрі шынайы ақпарат тарату, ұтымды сараптама ұсыну да журналистер қауымына жүктелген абыройлы міндет саналады.
Мемлекет сіздердің ерен еңбектеріңізді жоғары бағалайды.
Ел Президенті ретінде бүгін мен барша медиа саласы мамандарына шынайы ризашылығымды білдіремін.
Бұқаралық ақпарат құралдарын ұлттың үні, қоғамның айнасы деуге толық негіз бар.
Өйткені, өз азаматтарымызбен қатар, күллі әлем қауымдастығы елімізде жасалып жатқан ауқымды өзгерістердің түпкі мәнін, ең алдымен, отандық медиа арқылы танып, біледі.
Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақстан журналистері осы жауапкершілікті терең сезініп, кәсіби міндеттерін же
Баршаңызды бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
RELATED ARTICLES



