СҮЙІНШІ
Беларусь елінің Витебск қаласында өтіп жатқан ХХІІІ Халықаралық «Славян базары» балалар байқауында
Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Нағашыбай Мирас қатысып,14 мемлекеттің өнерпаздарының арасынан суырылып шығып,
Қазақстанның атынан І орынды жеңіп алды!
Бұл – жай ғана жеңіс емес. Бұл – табандылықтың, маңдай тердің, тынымсыз дайындық пен түн ұйқыны төрт бөлген күндердің өтеуі.
Мирас, сен арқылы Қазақтың әні, үні, рухы әлем сахнасында қайта жаңғырды. Бұл – тек сенің емес, күллі қазақ халқының жеңісі!
Шын жүректен алғысымызды айтамыз! Жарайсың, Мирас!