Четверг, 30 октября, 2025
Басты бетЖаңалықтарБелгебаев Дархан Болатбекұлы

Белгебаев Дархан Болатбекұлы

1985 жылдың 18 маусымында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ынтымақ ауылында дүниеге келген.
1991 жылы Ынтымақ орта мектебіне оқуға түсіп, 2002 жылы аталған мектепті тәмамдады.
2002–2005 жылдары «Энергетика және электронды аспап жасау» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны колледжінде «Электр станцияларының электр жабдықтары» мамандығы бойынша білім алды.
2007 жылдан бастап «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жамбыл ауданының электр тарату торабының Қарғалы телімінде тарату желілерінің электрмонтері қызметін атқарды.
2025 жылдың қаңтар айынан бастап шебер (мастер) лауазымында еңбек етіп келеді.
Отбасылы, бір баланың әкесі. Дархан Болатбекұлы — өз ісіне адал, кәсіби біліктілігі жоғары, тиянақты әрі іскер маман. Еңбекқорлығымен және жауапкершілігімен ұжымының сый-құрметіне ие болған нағыз еңбек адамы.
Еңбектің қадірін білетін, жауапкершілікті ту еткен осындай жандар — елдің тірегі!

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments