Воскресенье, 23 августа, 2026
Басты бет23 тамыз - Құрылтай сайлауы«Белсенді азаматтық ұстанымыңыз үшін рақмет!»

«Белсенді азаматтық ұстанымыңыз үшін рақмет!»

Қарғалы ауылында орналасқан № 281 сайлау учаскесінде Құрылтай аясындағы дауыс беру күні ерекше әрі символдық сәтпен қорытындыланды.
А. Бейсеуов көшесі, №44 мекенжайындағы сайлау учаскесінде ең соңғы болып дауыс берген азаматтарға естелік сыйлық табысталып, олардың белсенді азаматтық ұстанымы мен өз конституциялық құқықтарына жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс білдірілді.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, дауыс беру күнінің жағымды қорытындысына айналды. Мұндай бастамалар әрбір азаматтың елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуының маңыздылығын айқындай түседі.

 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments