Бұл туралы бүгінгі өткен баспасөз мәслихатында облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Ләззат Бейсекулова айтты.
Ләззат Бейсекулованың мәліметінше, департаментке жыл басынан бері 86 шағым түскен. Оның ішінде 60-ы қаралған, ал 26-сы тиісті мемлекеттік органдарға жіберілген.
«Әдетте департамент құзіретіне жатпайтын шағымдар жолданады. Бірақ тұрғындар біздің орган араласса, мәселеміз тез шешіледі деген пікірде», — деді департамент басшысы.
Шағымдардың ең үлкен үлесі әлеуметтік қамтамасыз ету саласына тиесілі, ал екінші орында жер қатынастары мәселелері тұр.
Қаралған арыздардың негізінде облыстағы 9 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның 6-ы ескерту, 2-і сөгіс, 1-іқатаң сөгіс алған.