Бұл – тек бір күндік акция емес, келешек ұрпаққа қалдырар жасыл мұра, табиғатқа деген жанашырлықтың нақты көрінісі.
Аталған бақ – тарихи әрі рухани мәні терең орын. Мұнда жыр дүлдүлі Жамбыл атамыз бен әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиев жерленген. Сондықтан бұл мекенге еліміздің әр өңірінен, тіпті шетелдерден де келушілер саны жыл сайын артып келеді.
Осыған орай, тазалық пен көркейту жұмыстары әрдайым басты назарда. Бүгінгі игі іске музей қызметкерлері, ауыл әкімдігі және ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері белсенді қатысып, бірлік пен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Алдағы уақытта да абаттандыру, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады.



