Воскресенье, 24 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарБос жұмыс орындары жәрмеңкесі

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

 Жамбыл ауданы бойынша Мансап орталығы биылғы жылдың 26 сәуірде Теміржол ауылдық округінің мәдениет үйінде  бос жұмыс орындар жәрмеңкесі іс-шарасын өткізді. Жәрмеңке барысында жұмыссыз азаматтарға ауылдық округ мамандары, жұмыс берушілері және мансап орталығының қызметкерлері  бос жұмыс орындар  мен мансап орталығының белсенді шаралары бойынша кеңес беріп, бос жұмыс орындарын қарастырды.

   Жамбыл ауданы бойынша 29 жұмыс беруші атап айтқанда кәсіпорындар, медициналық орталықтар, шаруа қожалықтары мен мемлекеттік және жекеменшік мекемелер қатысып, 124 тұрақты бос жұмыс орындары ұсынылды. Аталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жұмыссыз, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, алимент, пробация есепте тұрған жандар және бас бостандығынан айырылған азаматтар қатысты. Соынмен қатар 80 азаматқа кеңес беріліп, 2 азамат тұрақты жұмысқа, 2 азамат қоғамдық жұмысқа, 1 азамат қысқа мерзімдік кәсіптік оқуға жіберілді.

Мансап орталығының директоры

Қ.Баймолдаев

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments