Суббота, 18 мая, 2024
Басты бетЖаңалықтарІле-Балқаш Регатасы шақырады!

Іле-Балқаш Регатасы шақырады!

Құрметті қазақстандықтар!
Халықаралық Іле-Балқаш ХХ Регатасының ұйымдастыру комитеті 9 мамырда Алматы және Қонаев қалаларының маңындағы «Таңбалы тас» қорық шатқалында өтетін «Регата – 2024» шарасының салтанатты ашылуына қатысуға шақырады.
Қонақтар мен қатысушыларды, эко-туристерді табиғат аясындағы мәдени-спорттық демалыс, ұлттық спорт түрлері бойынша көрме (ат спорты), қазақ қолданбалы шығармашылық шеберлерінің жәрмеңкесі, өнер шеберлерінің концерті, әуе шарларымен көтерілу, суға батып бара жатқан адамдарды құтқару және жер сілкінісі кезіндегі әрекеттер бойынша ҚР ТЖМ қызметкерлерінің шеберлік сыныптары, Қазақстанның табиғаты және жер сілкіністерінің болжамы туралы сейсмолог-сарапшылармен брифинг-кездесулер күтеді. «Іле өзені мен Балқаш көлін қорғайық!» атты флэш-моб ұйымдастырылады. Бұл Регатаны ұйымдастырушылардың басты миссиясы. Кешке қарай алау жанында бард әндері шырқалады. Ежелгі қасиетті шатқалда шатыр астында жұлдызды аспанды тамашалауға болады. Таңертең сізді қорық құстарының әні оятады. Қонақтар тәулік бойы күзет қызметімен қамтылады және «Жедел жәрдем» медициналық көмегіне кепілдік беріледі.
Регатаның спорттық және экологиялық міндеттері:
* Қазақстанда желкенді спортты жандандыру, дамыту және танымал ету;
* туризм мен спорттың белсенді су түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салты мен экологиялық түсінікті қалыптастыру;
* Іле өзеніне бір мезгілде экологиялық мониторинг жүргізе отырып, спорттық сайыстарды – спринттік, марафондық және су туризмі техникасы бойынша жарыстарды ұйымдастыру;
Регата командалары «Қапшағай ГЭС-і – Балқаш көлі» бағыты бойынша жағаға келіп, қонақтар мен көрермендерді қарсы алады. Мұнда катамаран қайықтарының, басқа да жүзу құралдарының шеруін көре аласыздар. Мұнымен қатар 9 мамыр күні сағат 10-да Қонаев қаласындағы «Мәңгілік алауда» Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтау және гүл шоқтарын қою, ретро-автомобильдер шеруі өтеді. Осы акцияға қатысушылар үшін «Алматы 1 және 2 – Қонаев – Алматы 1 және 2» электр пойызы жүреді. Кестені https://turanexpress.kz/raspisanie-poezdov веб-сайттан қарай аласыздар.
Қазақстанда алғаш рет Регатаны ұйымдастырушылар Д. Қонаев атындағы желкенді регата кубогын және Қазақстанның спорттық балық аулау федерациясының көмегімен Д. Қонаев атындағы спорттық балық аулау кубогын тағайындады. Бұл спорттық бастамалар Қазақстанның рекордтар кітабына енуге лайық!
Регатаға қатысу үшін алғаш рет ҚР Туризм және спорт министрлігі 2 команда дайындады. Бұл мемлекеттік құрылымдар үшін тамаша үлгі!
Регатаның салтанатты жабылуы 2024 жылғы 1 маусымда Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасында өтеді. Онда желкенді қайықтар шеруіне және жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне орын беріледі. Регата Алматы облысы әкімдігінің, Қонаев қаласы әкімдігінің, ҚР ТЖМ, ҚР Туризм және спорт министрлігінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, «Tigap travel kazakhstan» және «Тұран экспресс» бас серіктестерінің қолдауымен ұйымдастырылуда. «Тұран ТВ» ақпараттық демеушісі «Регата күнделіктерін» таратады.
Барлық ақпарат және қатысушыларды тіркеу регатаның ресми сайтында www.ili-regata.kz
E-mail: info@ili-regata.kz
Журналистерді ұйымдастырушылар қатарында болуға шақырамыз. Whats App телефоны арқылы БАҚ аккредиттеу: +7 701 723 2003.
Құрметпен, Іле-Балқаш Регатасының ұйымдастыру комитеті.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments