1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні. Дана халқымызда “Бірлік болмай тірлік болмас” деген қанатты сөз бар. Бұл мереке барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының жарастығы, бейбітшілік пен тұрақтылықтың жарқын бір көрінісі болып табылады.
«Бірлік – берекеге, береке – мерекеге жеткізеді» демекші Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Тыныштық пен бейбітшіліктің талбесігінде тербелген халқымыздың татулығы мен бірлігі нығая берсін, еліміздің болашағы баянды, іргесі берік болсын!