Суббота, 26 апреля, 2025
Басты бетЖаңалықтарБІРЛІК ПЕН ДАМУ ЖОЛЫ

БІРЛІК ПЕН ДАМУ ЖОЛЫ

2025 жылғы сәуір айында Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірлік. Жасампаздық. Прогресс» ұранымен өткен алқалы жиында ел бірлігін сақтау мен этносаралық татулықты нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды бастамаларды жариялады.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстандағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізі – халықтың ынтымағы мен түсіністігі екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ассамблея еліміздің болашағын айқындайтын стратегиялық институт ретінде қалыптасып, қоғамдағы сенім мен келісімді нығайтудың кепілі болып отыр.

Президент жаңа гуманитарлық және идеологиялық бағыттар бойынша Ассамблеяның жұмысын жаңғырту қажеттігін айтып, этносаралық саясатты ғылыми негізде жүргізуді тапсырды. Бұл бағытта тек кәсіби мамандар мен зерттеушілердің атсалысуы маңызды екенін жеткізді. Осыған орай, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне ұлт бірлігі мен этносаралық қарым-қатынастарды зерделеуге арналған қолданбалы зерттеулерді қолға алу тапсырылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Ассамблея мүшелеріне ақпараттық кеңістікте, әсіресе әлеуметтік желілерде белсенді болу қажеттігін еске салды. Ел ішінде ұлтаралық татулық пен қазақстандық патриотизмді дәріптеу – әр азаматтың ортақ борышы екенін айтты.

Сессия қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының басты бағыттары – бірлік, жасампаздық және прогресс екенін тағы бір мәрте нақтылап өтті. Ассамблея бұл мақсаттарға жетудегі сенімді серіктес ретінде өз рөлін жалғастыра беретініне сенім білдірді.

Алдыңғы мақала
Келесі мақалада
RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments