Бірлік пен келісім – Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасы
Жаңа Конституция жобасында бірлік пен қоғамдық келісімнің Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасы ретінде бекітілуі — ел дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын маңызды қадам. Қазақстан көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет болғандықтан, қоғамдағы тұрақтылық пен өзара түсіністік мемлекеттің берік дамуының негізгі шарты болып табылады.
Бірлік пен келісім қағидаттарын конституциялық деңгейде бекіту азаматтардың тең құқықтарын, этносаралық және әлеуметтік татулықты сақтауға бағытталған. Бұл мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мұндай норма азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға және ортақ құндылықтар төңірегінде халықты біріктіруге ықпал етеді.
Алайда бұл қағидаттардың нақты өмірде жүзеге асуы маңызды. Ол үшін заң үстемдігі, әділ әлеуметтік саясат және азаматтардың пікірін ескеру тетіктері тиімді жұмыс істеуі қажет. Тек осы жағдайда ғана бірлік пен келісім декларативті ұғым емес, нақты қоғамдық құндылыққа айналады.
Қорытындылай келе, бірлік пен келісімді Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасы ретінде бекіту — елдің тұрақты дамуы мен болашағына бағытталған дұрыс әрі өзекті шешім.
КЕНЖЕНБАЕВА АЙМАН УТЕНБАЕВНА, Қоғамдық келісім және даму бөлімінің басшысы


