Вторник, 7 мая, 2024
Басты бетЖаңалықтарБірлік пен татулық мейрамы

Бірлік пен татулық мейрамы

Көктемнің жылы лебімен келген бүгінгі Көрісу күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз!

Татулықтың, сыйластықтың белгісі 14 – наурыз «Амал» немесе «Көрісу» күні – қазақ халқының ертеден келе жатқан салт-дәстүрі. Бұл – елдің ырыс-ынтымағын арттыратын айрықша мейрам.
Көрісу – тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені, көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді.

Ай бойы үзілмей жылға ұласатын бұл мерекеде үлкен-кіші ағайын сәлем берісіп, бір-біріне ренжіскен адамдар болса міндетті түрде кешірім сұрап, өкпе реніштерін ұмытып, амандық-саулық сұрасып көрісіп, өзара «Жаңа жыл құтты болсын!», «Ұлыс оң, ақ мол болсын!», «Амалдан амалға жете берейік» деп құт береке тілеседі.

Ендеше бүгінгі келіп жеткен жыл баршаңызға құтты болып, бірліктің белгісіне, татулықтың таңбасына айналған қастерлі мереке әр шаңыраққа жақсылық, ырыс, несібесін молынан ала келсін деп тілейміз!

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments