Суббота, 28 февраля, 2026
Басты бетПікірБүгінгі партияаралық дебатта "Ақжол" партиясының өкілдері экономикалық тұрақтылық пен құқықтық кепілдіктер тақырыбын...

Бүгінгі партияаралық дебатта «Ақжол» партиясының өкілдері экономикалық тұрақтылық пен құқықтық кепілдіктер тақырыбын жан-жақты көтерді

Дания Еспаева жаңа Конституция жобасында кәсіпкерлердің құқығын қорғау нақты әрі пәрменді тетіктермен бекітіліп отырғанын атап өтті. Әсіресе, мемлекеттік органдардың негізсіз шешімдері үшін жауапкершілікті күшейту – әділдік қағидатын іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадам.
Ал Азат Перуашев халықаралық келісімдерді ратификациялауға дейін Конституциялық Соттың қарауына беру бастамасы ұлттық мүддені сақтаудың қосымша кепілі екенін айтты. Бұл өзгерістер заң үстемдігін нығайтып, мемлекеттің стратегиялық шешімдеріне құқықтық сүзгі енгізеді.
Жалпы, партия ұсынған ұстаным жаңа Конституцияда қорғаныс, сенім және әділдік құндылықтары нақты құқықтық мазмұнға ие болып отырғанын көрсетеді.

Әуелбек Ысқақов, Жамбыл ауданының құрметті азаматы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments