Бүгін аудан әкімдігінде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай саланың ардагерлері мен мамандарын құрметтеуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиын барысында ақпарат саласының дамуына елеулі үлес қосып, көпшілікке сапалы әрі шынайы ақпарат жеткізу жолында аянбай еңбек етіп жүрген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне ерекше құрмет көрсетілді.
Іс-шараға бұқаралық ақпарат саласының ардагерлері, тәжірибелі журналистер, медиа мамандары, сондай-ақ Qonaev Media ұжымы, Алатау арайы және Атамекен газетінің өкілдері қатысты.
Салтанатты рәсім барысында ауданның қоғамдық-саяси өмірін насихаттауға, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат таратуға және журналистика саласының өркендеуіне қосқан зор үлесі үшін бірқатар сала ардагерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Шара барысында сөз сөйлегендер бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы маңыздылығына тоқталып, журналистер қауымының кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігіне жоғары баға берді.Сонымен қатар, сала ардагерлерінің өнегелі жолы, бай тәжірибесі мен қажырлы еңбегі жас буын журналистер үшін әрдайым үлгі екені айтылып, олардың тәлім-тәрбиелік рөліне ерекше мән берілді. Ардагерлердің өмір жолы мен кәсіби жетістіктері қазіргі журналистердің рухани тірегі болып, сала дамуына тың серпін беретіні сөз болды.



