Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби жолын агрономдықтан бастап «Хильниченко және К» серіктестігінің басшысына дейін көтерілген Виктор Хильниченконың агроөнеркәсіп саласын дамытуға қосқан үлесіне тоқталып, Алматы облыстық мәслихатының депутаты ретінде жемісті қоғамдық қызмет атқарғанын да атап өтті
– Ең бастысы, қол жеткізген жетістіктеріңізге тоқмейілсімей, алдыңызға жаңа әрі биік мақсаттар қойып келесіз. Аймақтың агроөнеркәсіп әлеуетін көтеруге қосқан зор үлесіңіз қандай бағаға болса да лайық, – деді Мемлекет басшысы.
t.me/aqorda_resmi


