Үй секторындағы өрттердің пайда болуының негізгі себептерін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаев пен Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Асқар Тойшыбеков және де энергетика және тұрған үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Асхат Бердиханов баяндады.
Мамандардың айтуынша, өрттің пайда болуы отты абайсыз пайдалану, электр жабдықтары мен пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамаудан орын алуда.
» Алматы облысының аудан, қалаларында газ баллондарын қауіпсіздікке тексеретін 10 жауапты тұлға бар. Өрт және жарылыс болмауы үшін инспекторлар қадағалу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ тексерулер мен профилактикалық бақылау жүргізу үшін тұрғын үй инспекцияларының бос лауазымдарын толтыру жөніндегі мәселені шешу қарастырылып жатыр,”- деді Мұса Танабаев.
Жауаптылар, қазіргі кезде өрт оқиғаларының көп тіркелуі, мамандардың тапшылығында деп түсіндіруде. Осы орайда даярлық үшін инспекторларға біліктілікті арттыру курсы енгізілген. Курс аясында 249 маманға сертификат табысталған
Соңғы 9 айда өңірде 455 өрт оқиғасы орын алған.Салдарынан 17 адам қаза тапқан.
Сонымен қатар көміртегі тотығымен уланудан 4 адам көз жұмып , 3 бала мен 4 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алған.
«Жылыту маусымына дайындық қажет. Жанғыш заттарды пештен кем дегенде 0,5 м ара қашықтықта орналастырған абзал.Үй және құрылыс аймағына іргелес жатқан өртенген қоқыс уақытында тазартылуы тиіс. Осындай ережелерді ұстану арқылы қайғылы жайттың алдын алуға болады»,-деді Асқар Тасболатұлы.
Естеріңізге саламыз, 15 маусым мен 15 қырқүйек аралығында халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерін комиссиялық тексеру жүргізіледі.