Вторник, 7 мая, 2024
Басты бетЖаңалықтарДаудың басы-дариясынан тасыған су

Даудың басы-дариясынан тасыған су

Бүгінгі күні бар қазақтың мұңы бір болып тұр, ол мұң еріген қардың әсерінен арнасынан тасыған судың деңгейі. Бұл мәселе тек Алматы облысы бойынша ғана емес, Республика көлеміндегі ауқымды проблема болып тұр. Су апаты болған аудандар мен облыс әкімдері және премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке су тасқыны апатының алдын-алу шараларын уақытылы жасамағаны үшін мемлекет басшысынан ескерту жасалып, қатаң сөгіс жарияланды, бірақ одан келіп-кетер пайда қайда?
2024-жылдың көктемі өктем келіп, ауыл-аймақтағы үйлермен қатар отандастарымыз үшін алаң болған көңілдерімізді де шайып кетті. Су тасқынының көлемін Республика бойынша 10 облысқа су тасқыны қауіпі төнгенінен-ақ біле беруге болады. Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Кемелұлы өткізген шұғыл кеңестен соң 31-наурыз күні республикалық штаб құрылып, жетекшісі болып премьер-министр
Олжас Бектенов тағайындалды. Штаб отырысында 5000-нан астам адам уақытша пунктерде тұрып жатқандығы жайлы, 11 300 адам эвакуацияланғандығы жайлы мәлімдеді. Сондай-ақ қалпына келтіру және үйлерді салу жұмыстарына қаржы үкімет резервінен және жергілікті әкімдіктен бөлінетіндігі аталып өтілді. Ресми мәліметтерге сүйенсек су 40 автожолды, 1 көпірді шайып кеткен. Қазіргі кезде ресми деректер бойынша су тасқынының алып келген салдарын жоюмен 2000-нан аса тенхника мен 7000-нан аса адамдар айналысып жатыр.
Табиғи апаттың зардабынан баспаналарынан айырылып қалған қараша халық жергілікті билік өкілдерін уақытылы тазалық жұмыстарын жүргізбеді деп айып тағып отыр. Телевизия мен ғаламтордағы ақпараттық порталдардан бөлек, жергілікті тұрғындар мен жолға шыққан жолаушылардың әлеуметтік желіге салып жатқан видеолары табиғи апатқа елді-мекендердің дайын еместігіне, жолдардың сапалы жасалмағандығына дәлел болды.
Қазіргі таңда апат болған аймақтарға көмектесу мақсатында арнайы есептер ашылып, сондай-ақ гуманитарлық көмек жіберу үшін әр аудан мен облыста арнайы көліктер дайындалып тұр.

Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылының тұрғыны Тимурлан Жалилов

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments