Сауда саласындағы кедергілерді анықтау, сапасыз тауарларды еркін сатуға жол бермеу және қолданыстағы мемлекеттік бақылау құралдарын қолдана отырып, отандық тауар өндірушілердің үлесін ұлғайту мақсатында Сауда және интеграция министрлігінің жанынан көшпелі ахуалдық штаб жұмыс істеп келеді.
Осы орайда, ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні Жетісу облысының сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті «Сапалы өнім» жобасы аясында «Отандық өнімдерді қолдау және ілгерілету» тақырыбындағы жиын ұйымдастырылды.
Кездесуді департамент басшысы Айдос Дауешев ашып жүргізіп, шараға Жетісу облыстық маслихат депутаты Римма Салыкова, Жетісу облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысының орынбасары Гафур Кузубаев, Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының, өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының өкілдері және ZOOM платформасы аудан-қалалық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы онлайн режимде қатысты.
Департамент басшысы Айдос Дауешев өз сөзінде ұйымдастырылып отырған шара тұтынушыларды қорғау жөніндегі үкіметтік емес секторды, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қоғамдастықтың өкілдерін ішкі нарықта отандық өндірушілер мен тұтынушыларды қауіпті және сапасыз өнімдерден қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жалпыұлттық мүдделерді іске асыруға, сондай-ақ парасатты бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасауға тарту мақсатында ұйымдастырылып отырғанын атап өтті.
Сонымен қатар, жиын спикері барлық қолданыстағы құралдарды жинақтап, үкіметтік емес сектордың әлеуетін атап айтқанда, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін, кәсіптік одақтарды, отандық өндірушілерді, сараптамалық және ғылыми ұйымдарды, сынақ зертханаларын елдің экономикалық бағытының ситуациялық міндеттері мен ықтимал сын-қатерлерін жедел шешу үшін тарту қажет екенін жеткізді.
Жиын соңында қатысушылар сұрақтарын, ұсыныстарын білдіріп, департамент басшысы қоғамдық ұйымдарды сапасыз өнімдерді анықтау жұмыстарына белсенді қатысуға шақырып, бірлесе жұмыстар жүргізгенге дайын екендігін жеткізді.
Назарларыңызға сала кетсек, еліміздің барлық өңірлерінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдар Ұлттық сараптама орталығының өкілдерімен бірлесіп импорттық сүт өнімдерін, құсеті, шұжық өнімдерін, ірімшікті, сары май мен күнбағыс майын іріктеп алып, сараптамаға ұсынды.
Бірлескен жұмыс нәтижелері бойынша өнімнің 200-ден астам түрі (сүт, кілегей, айран, май, күнбағыс майы, сүзбе, ірімшік, құс еті, балық, шұжық өнімдері) зерттелді.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі нормативтерінің 40 түрі бойынша бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, мәлімделген сипаттамалар мен өнім құрамының санитариялық – эпидемиологиялық талаптарға, сондай-ақ таңбалау талаптарына сәйкес келмеуі (мемлекеттік тілде ақпараттың болмауы, май-қышқыл құрамының сәйкес келмеуі, бактериялардың табылуы) сияқты бұзушылықтар тіркелді.
Нәтижесінде тамақ өнімдерінің сәйкестігі туралы 83 декларацияның күші жойылды.