Бозой ауылдық округінде орналасқан «Десбер» шаруа қожалығында картоп жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Диқандар жыл бойы төккен тердің өтеуін көріп, алқаптағы өнімді жинауға бар күш-жігерін жұмылдыруда. Еңбеккерлер егіс алқабындағы картопты ысырапсыз жинап, оны сұрыптау, жинақтау және тасымалдау жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастырып отыр.
Ауыл шаруашылығы – тынымсыз еңбек пен төзімділікті талап ететін сала. Әсіресе, күзгі жиын-терім науқаны кезінде әр күннің маңызы зор. Өйткені, өсірілген өнімді дер кезінде жинап алу, сапасын сақтап, қоймаға уақытылы жеткізу – шаруашылықтың табысты жұмысының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Осыны жақсы түсінген «Десбер» шаруа қожалығының еңбеккерлері науқанды уақытылы әрі сапалы аяқтауға күш салуда.
Картоп – күнделікті тұтынатын негізгі азық-түлік өнімдерінің бірі. Сондықтан оны өсірумен қатар, мол өнімді шашау шығармай жинап алу да үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Бұл ретте жұмыс барысын тиімді үйлестіру, техника мен жұмыс күшін ұтымды пайдалану, жиналған өнімді тасымалдауды дұрыс ұйымдастыру ерекше маңызға ие.
Шаруалардың маусым бойғы еңбегі мен күтімінің нәтижесі күзгі жиын-терім кезінде көрініс табады. Алқап басындағы қарбалас тіршілік – ауыл еңбеккерлерінің табандылығы мен жауапкершілігінің айқын көрінісі. Әрбір жиналған өнімнің артында маңдай тер мен қажырлы еңбек тұрғаны белгілі.
«Десбер» шаруа қожалығының ұжымы да осы жауапкершілікті сезіне отырып, науқанды ұйымшылдықпен жүргізуде. Ең басты мақсат – өсірілген өнімді уақытында жинап, сапасын сақтай отырып тұтынушыға жеткізу. Мұндай жүйелі жұмыс ауыл шаруашылығының дамуына, ел ырысының артуына өзіндік үлес қосады.
Берекелі еңбек пен бірліктің арқасында қолға алынған науқанның нәтижелі болуы – барша еңбеккердің ортақ мүддесі. Ендеше, «Десбер» шаруа қожалығының еңбеккерлеріне табыс, толағай жетістік тілейміз! Еккен өнімдеріңіз мол болып, еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Күзгі жиын-терім науқаны сәтті аяқталып, қамбаларыңыз астық пен бақша өніміне тола берсін! Бозой ауылдық округ әкімі Т.Бейсембаева


