Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарДУБАЙДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІСКЕРЛІК КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ

ДУБАЙДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІСКЕРЛІК КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ

Дубайда Қазақстанның іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы өтіп жатыр. Ұйым арқылы араб әмірліктерінде кәсіп жүргізгісі келетін азаматтарға салықтық жеңілдіктер мен рәсімдерді оңайлату бойынша қолдау, сүйемелдеу қарастырылған.

Еліміздің атынан бұл жерге қазақстандық мекеме ресми тіркелді, бүгін алғаш рет іскерлік кеңес аясында осы жерде кездесу өтіп жатыр. Оған өзіміздің қазақ кәсіпкерлері жиналды. Қазақстандық бизнесмендер әмірлікте бизнес жүргізетін және кәсібін осы елде тіркегісі келетін бизнесмендер жиналып, екіжақты пікір алмасулар, нетворкинг болып жатыр. Іскерлік кеңес – негізгі үш бағытта жұмыс істейді.

Біріншісі – кәсіпкерлікті қолдау, яғни сауданы, сауда қызметін дамыту, кедендік рәсімдерді жеңілдету, логистикалық бағытты құру;

Екіншісі – инвестиция тарту, әмірліктерден Қазақстанда және керісінше Қазақстаннан әмірліктерге салынатын инвестициялық қаражат;

Үшіншісі – салықтық жеңілдіктер мен рәсімдерді жеңілдету.

Бүгінгі жиында іскерлік кеңес тек Қазақстан компаниялары мен азаматтарына ғана емес, сонымен қатар Дубайда жұмыс істейтін немесе осында кәсіп ашқысы келетін этникалық қазақтардың кәсібін тіркеп, қолдау білдіруге дайын екендіктерін айтты.

Дәулет Жұмабай, Дубайдағы қазақстандық іскерлік кеңестің төрағасы:

Әмірліктерде ресми түрде 15 мыңнан астам қазақстандық тіркелген. Жыл сайын мұнда келетіндердің саны 100 мыңнан асады, оның 20 проценттен астамы белсенді бизнеспен айналысады. Айтқандай, бірер күннен кейін Дубайда Қазақстанның сауда миссиясының өкілдігі ашылады. Қазақстандық кәсіпкерлер қатысуымен іскерлік форум өтеді, B2B, яғни екі елдің бизнесмендері бетпе бет кездеседі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments