Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел президентінің жолдауы әрбір Қазақстан азаматының ерекше назарын аударды. «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» тақырыбында бастау алған бұл жолдау еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістеріне бағытталды. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Кезекті маңызды мәселе – білім беру жүйесі туралы. Бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады.» — дей келе білім саласындағы олқылықтар мен өзгерістерге тоқталды. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс екендігі атап айтты. «Біздің күшіміз – жастардың білімінде» деп өз пікірін нақтылады. «Білімнің бастауы — балабақшада» екендігін ескере отырып, бала тәрбиесіне, оған берілетін білімге аса мән бергеніміз жөн. Ұлт болашағы үшін, сапалы білім мен саналы тәрбиені басты орынға қоюымыз керек. Жолдауды тыңдай отыра «Жаңа Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екендігін» біз де сезінеміз!
Наурзалиева Аяла Бекетовна
Скачено ботом: @InstFileBot