Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетUncategorizedЕл Президенті Алматы облысындағы тауар өндірушілердің көрмесін тамашалады

Ел Президенті Алматы облысындағы тауар өндірушілердің көрмесін тамашалады

Көрмеге аграрлық сала бойынша ет, құс, сүт және балық өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының, сондай-ақ шырын, сусын өндірушілердің, көкөніс және жеміс өңдеушілердің тауарлары қойылды.

Мемлекет басшысы шаруалармен әңгімелесу барысында өңірдің климаттық жағдайы мен мегаполиске жақын орналасуы бұл салаға инвесторлар тартуға зор мүмкіндік беретінін атап өтті.

Президенттің айтуынша, өңірде ерекше бағыт – түйе шаруашылығы қарқынды дамып келеді және аталған сала экспорт үшін зор әлеуетке ие.

– Ауыл шаруашылығы өндірісіне жаңа технологияларды енгізу, экологиялық таза өнім шығару маңызды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments