Суббота, 9 мая, 2026
Басты бет9 мамыр - Жеңіс күні!ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұзынағаш ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Ковалев Федор Меляновичнің шаңырағына арнайы барып, Жеңіс күнімен құттықтады.

Кездесу барысында ардагерге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтау хаты табысталып, майдангердің ел алдындағы ерен ерлігі мен бейбіт өмір жолындағы еңбегіне құрмет көрсетілді.

Федор Мелянович Ковалев 1927 жылы Могилев облысында дүниеге келген. 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, арнайы дайындықтан өткен соң 1945 жылы кеңес-жапон соғысына қатысқан. Майдан даласында батылдығымен танылған ардагер соғыстан кейін туған жерінде еңбек етіп, кейін Жамбыл ауданына қоныс аударған.

1969 жылдан бастап Ұзынағаш ауылында еңбек етіп, ұзақ жылдар Жамбыл РТС мекемесінде электр дәнекерлеуші қызметін атқарды. Еңбектегі табыстары үшін бірнеше мәрте Құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталған.

Майдандағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі орденмен, мерейтойлық медальдармен және Г.К. Жуковтың 100 жылдығына арналған медальмен марапатталған Федор Мелянович Жамбыл ауданының Құрметті азаматы.

Ардагермен жүздесу барысында бейбіт өмірдің қадірі, ел бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығы жайлы тағылымды әңгімелер айтылып, майдангерге тілектер арналды.

Ұлы Жеңістің рухы мен майдангерлердің ерлігі – кейінгі ұрпақ үшін мәңгілік өнеге.

Б.Айталы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments