Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖамбыл-175 жылЕр Манастың елінде

Ер Манастың елінде

Өткен тамыздың 30-ы күні Бішкек қаласында Халықаралық «Манас» және Шыңғыс Айтматов Ұлттық академиясында Түркі академиясының ұйымдастыруымен Қырғыз Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған кең ауқымды конференция өтті.

Оның ойдағыдай ұйымдастырылуына екі елдің ақын-жазушылары, мәдениет саласының қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері барынша атсалысты. Айтулы шараға Қазақстан жағынан Түркі академиясының президенті – Дархан Қыдырәлі, ҚР мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы – Ақан Әбдуәли, Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы – Марлен Көлбаев, М.Тынышбаев атындағы тарихи өлкетану музейінің директоры – Рысжан Аязбаева, Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінің меңгерушісі Салтанат Жамбылова, т.б. өнер адамдары мен БАҚ өкілдері қатысты.

 Аты аңызға айналған алып ақынның таңдамалы жырлары, айтыстары қырғыз тіліне қайта аударылып, қырғыз оқырмандарына жол тартқан екен. Соған байланысты осы конференцияда Жамбылдың 175 жылдық мерейіне рнайы шығарылған «Өлең жырдың даңғылы» атты кітаптың тұсаукесері салтанатты рәсімде өтті. Алатаудың күнгейі мен теріскейін қуанышқа бөлеген екі елдің өнерпаздары ән-жырдан шашу шашты, суырыпсалма айтыскерлер дәстүрлі түрде сөз қағыстырып, өзара өнер сайысын қыздыра түсті.

 Қ.ТЕЗЕКБАЙ.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments