2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылдың 20 қыркүйегіне дейін Ескелді ауданында COVID-19-дың зертханалық расталған 1428 жағдайы тіркелді, бұл көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 2866,0 құрады. Соңғы аптада аурудың 30% -ға төмендегені байқалады. Деседе, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Ескелді ауданы қызыл аймақта орналасқан.
Аудандағы сырқаттанушылық көрсеткішінің артуы Қарабұлақ — 3330,9 (800сл.), Төленгүт — 3009,3 (63сл.), Бақтыбай — 2564,7 (207сл.), Алдабергенов — 2260,4 (109сл.), Ақын-сара — 921,6 (18сл.),Сырымбет — 2077,39 (36сл.),Жалғызағаш — 1528,0 (18сл.), Көкжазық — 1937,7 (38сл.),Қайнарлы — 2096, (24сл.) Қоныр – 1847,2 (15сл.), Қаратал 1804,7 (39сл.) ауылдарында байқалады.
Бүгінгі күні, провизорлық стационарда 63 адам ем қабылдаса, 4 науқас реанимация бөлімінде жатыр. Алайда, аудандағы жауаптылар бұл көрсеткіш соңғы екі аптамен салыстырғанда төмендегенін айтуда. Сөздеріне сенсек, 14 күн бұрын стационарда ем алған тұрғындар саны 100-ге дейін жетіп жығылған.
Оқу жылы басталғаны сол аудандағы 23 оқушыдан коронавирус анықталды. Салдарынан 20 сыныпты карантинге жіберуге қаулы шығарылды. Ұстаздар арасында індет жұқтыру дерегі жоқ емес. Аймақтағы 9 мұғалімнен коронавирус анықталып отыр.
Ескелді ауданында вирусқа қарсы екпе салу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Ол үшін бар жағдай қарастырылған. Қазіргі кезде ауданда 12 егу пункті бар, оның үшеуі тоңазытқыштармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, тоңазытқыш қондырғысы орнатылған рефрижераторлық типтегі белсенді 17 термоконтейнер де бар.
Сонымен қатар Ескелді ауданында су жаңа жылжымалы егу пункті ұйымдастырылған. Пункт медициналық құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген.
«Жылжымалы егу пунктінде осы уақытқа дейін 2,5 мың адам вакцина салдырды. Күніне ең көп дегенде 40-тан астам тұрғын екпе алады. Бұл жерге күнделікті 20 доза вакцина беріледі. Барлығы арнайы тоңазытқышта сақталынады»,-деді Ескелді аудандық статистика бөлімінің басшысы Гүлнар Мамырова.
Жыл басынан бері Ескелді ауданыңда вакцинаның І-компоненттінен 17872 дозасы, ІІ-компонентінен 15937 дозасы келіп түсткен.
— «Ескелдді ауданыда 46 мың тұрғын бар. Олардың 23 600-і екпе алуға жататын тұрғындар. Аудан халқының 15409-ы екпенің бірінші бөлігін алса, ІІ компонентпен 11752 адам егілді. Бізде «СпутникV», «QazVac», «Синофарм» вакциналары бар»,-дейді Ескелді аудандық емханасының меңгерушісі Саят Тікенбаев.
«Ashyq» жобасына келер болсақ, Ескелді ауданы бойынша 182 нысан «Ashyq» пилоттық жобасының қатысушылары болып табылады. Мониторингтік топ шағын және орта бизнестің 332 субъектісін қамтып, қосымшаны дұрыс емес пайдалану фактілері анықталды, тиісінше жобаның 30 қатысушысы «Ashyq» платформасынан шығарылды.
2021 жылғы 10 маусым мен 20 қыркүйек аралығындағы кезеңде Ескелді ауданы бойынша азаматтардың ішінде санитариялық-карантиндік режимді 64 адамның бұзғаны анықталды. Оның ішінде, «қызыл» мәртебесі бар 25 адам және «сары» мәртебесі бар 47 адам тіркелді.
«Қызыл» мәртебесі бар тұлғаларға қатысты 87510 теңге сомасына 2 айыппұл салынды. Сондай-ақ, «сары» мәртебесі бар азаматтарға қатысты үй карантині шарттарын сақтау қажеттілігі туралы талаптары бар 25 қаулы берілді.