Есірткіге қарсы күрес – қоғамдық қауіпсіздік пен ұлт денсаулығын сақтаудың стратегиялық бағыттарының бірі. Есірткінің заңсыз айналымы адамның физикалық және психикалық денсаулығына, оның әлеуметтік мәртебесіне және келешегіне ауыр зардаптар әкеледі. Бұл мәселе тек жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның алдында тұрған үлкен сын.
Осы орайда жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, құқықтық сауаттылықты арттыру және заңдылықты нығайту маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, қоғамдық ұйымдар және әрбір азамат бірлесе отырып, есірткі қылмысының алдын алу жолында күш біріктіруі тиіс.


