Понедельник, 14 апреля, 2025
Басты бетЕңбек адамыЕңбек адамы – елдің тірегі

Еңбек адамы – елдің тірегі

Еңбек адамы – елдің тірегі

Еліміздің көркеюі мен дамуы еңбекқор жандардың қолында екенін ескерсек, еңбек адамының қоғамдағы орны қашанда ерекше, абыройы биік. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек», – деп атап өткендей, әрбір еңбек иесі мақтау мен құрметке лайық.

Сондай құрметке лайық жандардың бірі – Жамбыл ауданы, Самсы ауылының тұрғыны Нұрболат Елеусізұлы Рахимбердиев. Ол сегіз жылдан бері «Майбұлақ су құбыры» мекемесінде ауыз су құбыры желілерінің бақылаушысы болып еңбек етіп келеді. Бұл – үлкен жауапкершілікті, ұқыптылық пен қажыр-қайратты талап ететін сала. Себебі халықтың ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етілуі – осы мамандардың адал еңбегіне тікелей байланысты.

Нұрболат Елеусізұлы өз қызметін үлкен жауапкершілікпен, адалдықпен атқарып жүрген қарапайым, кішіпейіл жан. Ол тек қызметінде ғана емес, отбасында да үлгілі азамат. Жұбайы екеуі алты қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы.

Әр мамандықтың өз қиындығы мен қызығы бар. Су құбыры желісінің бақылаушысы болу – төзімділік пен қажыр-қайратты талап ететін жұмыс. Жаздың аптап ыстығы мен қыстың қақаған суығында ауыз су құбырларының жарылуы секілді түрлі қолайсыз жағдайлар орын алып жатады. Осындай сәттерде ауыз су жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуде Нұрболат Елеусізұлының еңбегі зор.

Ол – өз ісінің шебері, әрқашан жауапкершілікті бірінші орынға қоятын жан. Қандай қиындық болса да, өз жұмысына адалдықпен қарап, халық игілігі үшін тынымсыз қызмет етіп келеді.

Еңбек – елдің қуаты, ал еңбек адамы – мемлекеттің тірегі. Осындай қарапайым, адал еңбегімен елге пайдасын тигізіп жүрген азаматтар үлкен құрметке лайық!

Алдыңғы мақала
Келесі мақалада
RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments