1985 жылдың 12 мамырында Қарғалы ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Қарғалы ауылындағы №3 мектептің табалдырығын аттап, оны 2003 жылы аяқтаған. Сол жылы Алматы энергетика және байланыс колледжіне түсіп, 2008 жылы «Электрик» мамандығы бойынша білім алған.
2015 жылдан бастап «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жамбыл ауданының электр тарату торабының Қарғалы телімінде тарату желілерінің электрмонтері қызметін атқарып келеді.
Отбасылы, 5 баланың әкесі. Ол — кәсіби біліктілігі, тиянақтылығы мен іскерлігінің арқасында ұжымының құрметіне бөленген нағыз еңбек адамы.
Еңбектің қадірін білетін, жауапкершілікті ту еткен осындай жандар — елдің тірегі!