Шиен ауылының тұрғыны Карбозов Олжабай Малдыбекұлы көптеген жылдар бойыШиен ауылында адал еңбек етіп келеді. Ол еңбек жолын 01.09.1969 жылы “18 партсъез” атындағы колхозда бастады. Колхозда механизатор болды. ДТ-75, МТЗ-89, К-700 маркалы тракторларды айдап, науқандық жұмыстар — егін орағы, жер жырту, мал шаруашылығында — жем, шөп тасу жұмыстарымен айналысты. Әскерден келіп колхоз жұмысына қатысты. 28.12.1973 ж Жамбыл аудандық комитетінің партия мүшелігіне өтті. Партия мүшесі болып, жастарға осы уақытқа дейін үлгі болып жүр.
2003-2005 жж арасында ауылда ауылшаруашылығын дамытудағы ерен еңбегі және кәсіби шеберлігі үшін Құрмет грамотасымен марапатталған. 2011 жылы Жамбыл ауданы әкімдігінің Алғыс хатымен марапатталған. 07.11.2014 ж бастап зейнеткерлікке шықты. Осы күнге дейін «Суықтөбе» ЖШС да еңбек етіп жүр. Карбозов Олжабай Малдыбекұлын ерінбей еңбек етіп, бар күш- жігерін өзінің сүйікті ісіне арнаған , жастарға үлгі боларлық нағыз ер азамат деп айтуға болады.