Джолдасбеков Дуйсетай Алматы облысы Жамбыл ауданы Дегерес ауылында туылған. 1957 жылы Беріктас орта мектеп табалдырығын аттады. 1970 жылы 10 сыныпты аяқтады. 1968-1970 жылы Отан алдындағы борышын өтеп келді. 1972 жылы Дүйсетай атамыз Алтынқыз апамызбен отай құрып, қазіргі таңда 5 баланың әкесі, 19 немере, 5 шөберенің атасы.
1971-2009ж. Беріктас қой совхозында механизатор,шопыр болып еңбек жасады.
2010-2013ж. Беріктас ауылының су жүйесін басқарды. Беріктас ауылын таза, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында еңбегі ерен. 2013 жылы зейнеткерлік демалысқа шығып, ары қарай 2015 жылға дейін су жүйесінің жұмысын атқарды. «Әке көрген оқ жонар» демекші Дүйсетай атамыздың ұлы Джолдасбеков Болатбек осы кәсіпті жалғастырып, Беріктас ауылы «Майбұлақ су құбырында» су жүйесінің қызметкері болып қызмет атқарып келеді. 24 сағат судың тоқтаусыз ағуына жауап беріп, су жүйесінің ақауларын дер кезінде жөндеп, қажетті шараларды қабылдап отыр.