Понедельник, 23 июня, 2025

Еңбек адамы

Қарапайым еңбекпен елге қызмет етіп жүрген жандардың бірі – Қарақастек ауылдық пошта бөлімшесінің басшысы Сәлімбаева Айман Қожаханқызы.

Айман Қожаханқызы пошта саласына 2016 жылы оператор ретінде келіп, өз ісіне деген адалдығы мен табандылығының арқасында 2022 жылдан бері бөлімше басшысы қызметін атқарып келеді. Хат-хабарды уақытылы жеткізіп, тұрғындардың зейнетақысы мен жәрдемақысына жауапты болу – үлкен сенім мен тәртіпті талап ететін іс. Осы жауапкершілікті Айман Қожаханқызы жылдар бойы мүлтіксіз атқарып келеді.

Бірақ Айман Қожаханқызы тек қызметімен емес, өмірлік рөлімен де көпке үлгі. Ол — көп балалы ана, отбасындағы тәрбиені еңбекпен ұштастырып келе жатқан нәзік жан. Сонымен қатар ауылдың рухани өмірінде де белсенді: 2011 жылдан бері ауылдық «Ардагерлер» ансамблінің мүшесі ретінде түрлі іс-шараларда ән шырқап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп келеді.

Айман Сәлімбаева – бүгінгі қазақ әйелінің шынайы бейнесі: кәсібіне берілген, отбасына адал, өнерге жанашыр. Осындай еңбек адамдары – ауылымыздың шын мәніндегі алтын тірегі!

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments