Оскеленов Талғат Сағынбекұлы
1978 жылы 5 шілдеде Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Қарғалы ауылындағы №3 орта мектепті аяқтаған.
2015 жылдан бастап “Алатау Жарық Компаниясы” АҚ Жамбыл аудандық электр желілері Қарғалы желілік учаскесінің тарату желілері бойынша электрмонтері қызметін атқарып келеді.
2001 жылы отбасын құрған. Қазіргі уақытта бес баланың әкесі, ұл-қыздарын тәрбиелеп отырған көпбалалы, үлгілі жанұя иесі. Отбасына қамқор, мейірімді әке ретінде танымал.
Қызмет барысында еңбекқорлығы мен адалдығының арқасында ауыл тұрғындарының алғысына ие болып, елдің құрметіне бөленіп жүр. Жамбыл ауданының Құрмет грамотасымен марапатталған. Халық оның еңбегін жоғары бағалап, ризашылық білдіруде.