Еңбек адамы-бұл қоғамға еңбегімен өз үлесін қосатын, күнделікті еңбегімен елдің экономикалық әлеуметтік және мәдени дамуын алға жетелейтін адам. Теміржол ауылдық округіне қарасты Қазыбек бек бекетінің тұрғыны Қозыбагаров Бердібек Камалұлы өзінің еңбек жолын 1996 жылы теміржолшы ретінде бастады.2002 жылы машинист мамандығына ауысып,осы күнге дейін сол салада адал еңбек етіп келеді.Әріптестер арасын сыйлы,жастарға үлгі боларлық тұлға. Бір отбасының тірегі аяулы жар,алты баланың әкесі.Адам өз несібесін еңбектен табады.Асқар тау әкесінің «Балам қандай жұмыс істесең де шын ынтамен істе, ешқашан жалқауланба, себебі ол сенің жейтін наның»деген өсиет сөзін бойына бойтұмар еткен ол жұмысына өте жауапкершілікпен қарайды.Ауыр еңбектің ыстығы мен суығына қатар төзетін еңбек адамы қашанда мақтанышымыз…