Вторник, 1 июля, 2025
Басты бетҚұттықтаймыз!Жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы

Жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы

Көркем проза өз оқырманының рухани сырласына айнала алса, онда авторының өнер мұратына жеткені. Өйткені оқырман — шығармашылық процестегі маңызды тұлға. Оқырманы сырласына айналған, асқақ бітімді шығарма жазу, өкінішке қарай, екінің бірінің маңдайына жазыла бермейді. Классикалык, шығармалардың ескірмейтіні де содан ғой, олардың мазмұнында окырманның жан дүниесіне бойлай алатын Тереңдік бар. Ал класссика дегеніміз — биік шеберлік денгейде жазылған, уақыт тезінен өткен өнер туындысының ерекше сапасы. Сондай сапаны көздеген қаламгер ғана тәуір дуние жаза алмақ.

Қарындасы Әсемгүлдің қайтыс болғаны жүрегін қарс айырып, теңселтіп кетеді. Бір қайғы мың қайғыны қозғайды деп, Марфа кемпірдің басындағы ауыр тақсырет мұның да жас кезіндегі тағдыр соққысын есіне түсіргені сонша, инфаркт алып қалады. Бұл әңгіме «Беторамал» шығармасымен тақырыптас, бірақ «Томар» әңгімесінде Марфа кемпірге, шалы екеуіне балалары қарамай кетсе, «Беторамалда» Хамит Бектасов керісінше балаларын тастап кетеді.
«Миллонер» әңгімесінде ақша үшін достарын сатып, өлімге қиған, адамдықтан безген жандардың тіршілігі, соның салдарынан қазақ даласында мал бағып кеткен Миша-Степан өмірінің бір сәтін көріп қаламыз. Әңгімеден қоршаған кеңістікті құрметтейтін, өмірді жақсы көретін адамдарды аңдаймыз.
«Еңку-еңку ескі жол» деген, юморға толы әңгімеде Елубай деген жігіттің үйленуі, қыз алып қашу хикаясы айтылады. Эстетикалық және этикалық көзқарастардың ішкі болмысында жер жәннаты Жетісу табиғатының, қазақы ауыл өмірі мен тұрмыс салтының иісі бар.

Қазақ жігітінің аянышты өмірі шығармаға арқау болып, есірткінің адам өмірін азғана уақытта қалай тас-талқан ететіні нанымды баяндалады.
«Ғаламдағы адам» атты әңгімесінде Айдан руда әкелген Джо деген ғарышкердің атақ-даңқы жайылып, енді Розенберг деген миллиардердің қаржысымен Марсты зерттемек болып отырғаны, бірақ әйелі Лияның Айдан әкелінген руданың бес келісін Фишер деген миллонерге сатқаны, ақыр соңында осы қылмыс үшін Джоның да тұтқындалғаны сөз болады, әңгіменің идеясы жерді тоздырған адамзаттың ашкөздігін ғылым да қойдыра алмай отырғанын жеткізу.
«Шер» әңгімесінде, жоғарыда айтып кеттік, Дәуіт Исаевтың және онымен қатар неміс тұтқынында болған қазақ жігіттерінің екінші дүниежүзілік соғыста әуелі сталин лагерінде өткен өмірі, одан босап шығып елге келгенде «сатқындар» деп ғұмыр бойы теперіш көруі суреттелсе, «Беторамал» шығармасында заманында ректор, министр болған профессор Хамит Бектасовтың жас кезіндегі өмірі, отбасын тастап, әйелден әйел алып, мастанып тіршілік етуі, балаларының тірі жетім

Алдыңғы мақала
Келесі мақалада
RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments